Астанада автобустардың қозғалыс бағыты өзгерді

№ 73 бағыт Абай даңғылындағы «Бейсекбаев к-сі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Абай даңғ. — Сембинов к-сі — С. Сейфуллин к-сіне келіп, содан әрі бұрынғы жол қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. Кері бағытта аталмыш бекітілген жол қозғалысы сызбасы бойынша жүреді.

Астана жолдарының картасы

№ 42 бағыт С. Сейфуллин көшесіндегі «Асан Қайғы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай С. Сейфуллин к-сі — Күлтөбе орамы — Абай даңғ. — Сембинов к-сі — С. Сейфуллин к-сіне келіп, содан әрі бұрынғы жол қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. Кері бағытта аталмыш бекітілген жол қозғалысы сызбасы бойынша жүреді.

Астана көшелерінің картасы

№ 5, 73 бағыттар А. Жұбанов көшесіне бұрылмай, Кенесары к-сі — Брусиловский к-сі — Абай даңғ. — Сембинов к-сі — С. Сейфуллин к-сі сызбасы бойынша жүреді. Кері бағытта аталмыш бекітілген жол қозғалысы сызбалары бойынша жүреді.

Бұрынғы жол қозғалысы сызбалары жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келеді. Қосымша ақпарат алу үшін 574-777 телефонына хабарласуға болады.

ДереккөзҚазАқпарат