2018 жылдың соңында Ұлыбритания әншісі Адель бірнеше жылдық үзілістен кейін сахнадан кететінін мәлімдеді. Енді ол ән айтпайды, жеке концерт те бермейді. Өйткені Адельге сахнада өнер көрсету мен гастрольдік сапарға шығу бұрынғыдай ләззат сыйламайтын көрінеді. Енді ол отбасымен бірге болып, бар уақытын алты жастағы ұлы Анджелоның тәрбиесіне арнағысы келеді. Бұл жаңалық әншінің барлық жанкүйерін таңғалдырды.

Әншінің мәлімдемесінен соң TikTok әлеуметтік желісінде David Kasprak есімді қолданушы видео жүктеді. Онда Адельдің Someone Like You әні ойналғанда камера объективі әуелі Haribo мармелад қонжығын көрсетеді де, кейін дереу бір-бірлеп шашырай қойылған 4 келіге жуық мармеладқа ауады.

Содан кейін әлеуметтік желіде камераның дәл осындай қимылымен, дәл осындай хештегпен видеолар жүктеліп, челленджге айналды. Қазақстандықтар да бұл челленджге белсенді қатысты.

Қазақстандықтар жасаған 5 ерекше Adelechallenge

1. Қазір Лос-Анджелесте білім алып жүрген алматылық Софи Манасян өз фотосуреттерін пайдаланып, видео түсірген.

View this post on Instagram

#Adelechallenge ????

A post shared by Sofi Manassyan | Софи Манасян (@sofimanassyan) on

2. Актер Мейірхан Шерниязов челлендж үшін еті бар табақты ұстап, көп қой қамалған қораны түсірді.

3. @Uldaika деген аккаунт иесі алдымен қызын түсіріп, содан кейін оның ойыншықтарын қолданған.

4. @Astana_city парақшасы Астанадағы «Бәйтерек» монументі мен чупа-чупс тәттісін түсірген.

5. Ал Dana Medeubekova челлендж-видеоны түсіруге асықты қолданған.

Adelechallenge маркетинг пен PR-ға қызмет ете бастады

Қазақстанда бұл челлендж әдеттегідей маркетинг мақсатына, яғни тауар мен қызмет түрлерін жарнамалауға сәтті пайдаланылып жатыр. Банктер мен сауда орталықтары, фастфуд сататын мейрамханалар да әлеуметтік желідегі парақшаларына видео жариялап, бұл трендтен қалған жоқ.

Zhekas doner house-тың түсірген видеосы:

Magnum Cash&Carry сауда орталығы түсірген видео:

«Халық банкінің» түсірген видеосы: