Алматылық Софи Манасян Nickelodeon арнасының шоуына шақырылды

Алматылық 10 жастағы Софи Манасян америкалық Nickelodeon бағдарламасының балаларға арналған рейтінгі жоғары шоуына қатысып жатыр.

«Софи түсірілім алаңында бір апта болады. Бізді киностудияның маңындағы қонақүйге орналастырды. Барлығы жоғары деңгейде. Софи — шоудың басты қатысушысы. Тілді жетік білмейтін біздер үшін бұл жайт таңғаларлық. Софи America’s got Talent бағдарламасының жүргізушісіне қай жақтан келгенін, туған тілі қазақ екенін жылулықпен айтқанда, барлығы таңырқай түсті. Себебі қызым берген тапсырманы мүлтіксіз орындап, рөлге шынайы түрде кірді. Қызым сахнада тұрған әр секундына қуанып жүр. Әрине себебі тек арманында болған мүмкін емес жайт бүгін шындыққа айналды», — дейді Ольга Манасян.

Бұдан бөлек, түсірілім алаңында 10 жасар Софиге арнайы жеке гример бөлмесі, көмекші және үлкен балмұздақ арбасы берілген. Әр түсірілім алдын ала жазылып, жоспарланып қойған.

«Кастингтің бірініші кезеңінде өзің, өнерің жайында, не істей алатының туралы видео жіберу керек болды. Instagram-дағы оқырмандарымыздың арқасында ол кезеңнен мүдірмей өттік. Кейін Софиден скайп арқылы сұхбат алды. Барлығына 4 ай кетті. Бірақ сол еңбегіміз бүгінде ақталып отыр. Себебі «Никелодеон» режиссері, «Никелодеон» гримеры, Nickelodeon операторы, барлығы қазақстандық кішкентай қыз үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл сөзбен жеткізе алмас қуаныш», — деді анасы.

Шоудың атауы мен оған қатысты басқа да қызық деректер телеарнаның шарты бойынша әзірше құпия.

ДереккөзTengrinews.kz