Адель «Hello» әнімен «Грэмми» сыйлығына ие болды (Видео)

Дэвид Боуидың соңғы «Blackstar» пластинкасы «Үздік альтернативті альбом» және «Классикалық емес альбомның үздік инжинирингі» номинациялары бойынша үздік деп танылды. Сонымен бірге, Боуи «Үздік рок орындаушы» және «Үздік рок-композиция» санаттарында да топ жарды. «Альбомды үздік безендіру» мүсіншесі де «Blackstar» мұқабасын әзірлеген дизайнер Джонатан Барнбрукке берілді.

«Грэммидің» тағы бір жүлдегері — британдық әнші Адель. Ол «Үздік вокалдық поп-альбом» («25») және «Үздік жеке поп-орындау» («Hello» әні үшін) номинацияларында жеңімпаз деп танылды.

Сондай-ақ, «Жыл әні» номинациясы бойынша «Formation» (Бейонсе), «Love Yourself» (Джастин Бибер), «7 Years» (Lukas Graham) және Майк Познердің «I Took a A Pill in Ibiza» әндері ұсынылды.

ДереккөзInform.kz