Ұлыбритания әншісі Адельдің бейнеклипі миллиард рет қаралып, рекорд орнатты

Адельдің былтыр 22 қазанда шыққан жаңа бейнеклипін бірінші күні 27,7 миллион көрермен қарап, алғашқы рекордын орнатқан болатын. Одан кейінгі үш айдай уақытта әнге деген қызығушылық артып, күн сайын жаңа 10 миллион қаралым қосылып отырған. Миллиардтық көрсеткішке ол Gangnam Style әніне қарағанда екі есе жылдам жетті. Қазіргі таңда PSY-дың осынау бейнеклипін 2,5 млрд адам қараған. Сарапшылар болса Адельдің жаңа әні бұл рекордты да жаңартады деп сеніммен айтып отыр.

Адель Лори Блю Эткинс — шоу-бизнесте жолы болған заманауи британдық әншілердің бірі. Оның 2008 жылы «19» деген атаумен шыққан альбомы әншіге екі «Грэмми» жүлдесін алып берді.

Дереккөзsn.kz