Алматыда тікұшақ құлады

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға туралы ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті растады.

Төтенше оқиға сағат 16.00 шамасында Наурызбай ауданындағы «Тау самалы» ықшамауданында болды.

«Алатау» шипажайының ашық аумағында Sky Service әуе компаниясының Eurocopter-130 маркалы жеке тікұшағы құлап қалды, тікұшақ өртенген жоқ, — деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Тікұшақтың 1968 жылы туған пилоты Валентин Шитов жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Әуе көлігі Боралдай әуежайынан Үлкен Алматы көліне бағыт алған.

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Ұшу қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережелерінің бұзылуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

ДереккөзTengrinews.kz