Бақытжан Сағынтаев уақытша премьер-министр болып тағайындалды

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін» — делінген Ақорданың сайтында шыққан Үкімде.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымының кандидаты.

2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары — ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалған. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР экс-премьер министрі К. Мәсімов Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Дереккөзtengrinews.kz