ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында 2019 жылғы ҰБТ-ға қатысты бес маңызды пунктті атады.
Біріншісі және ең маңыздысы
ҰБТ форматы өзгермейді.
Пәндердің саны бұрынғыдай бесеу және тест тапсырмаларының саны — 120, ең жоғары ұпай да бұрынғысынша 140 болады.
Талапкер әдеттегідей 3 міндетті пәннен сынақ тапсырады:
— Қазақстан тарихы,
— математикалық сауат,
— оқу сауаты.
Және өзі таңдаған мамандық бойынша 2 салалық пән.
Екіншісі
2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым және тамызда. Бұған дейін 3 рет болатын: маусымда, тамызда және қаңтарда.
Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ҰБТ-ға қатысқан талапкерге сертификатпен ЖОО-ның тек ақылы бөлімдеріне түсуге құқық береді, ал тестіге қатысу ақылы болады.
Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификаттар беріледі және олар грант алуға жарамайды.
Егер талапкер мемлекеттік грант алғысы келсе, онда ол міндетті түрде маусымда ҰБТ тапсырып, тек соның қорытындысы бойынша грант байқауына қатыса алады және жоғары балл жинаған кезде ғана бюджет есебінен білім ала алады.
Ақылы бөлімге түсу үшін талапкерлерге 4 ҰБТ-ның біріне қатысып, шекті балл жинау жеткілікті. Мысалы, талапкер қаңтардағы ҰБТ-ға қатысып, 120 балл жинайды — енді ол 1 ақпанда ЖОО-ның қабылдау комиссиясына барып, бірден шартты түрде ақылы бөлімге тіркеле алады, ал егер грант алғысы келіп, маусымда ҰБТ-дан 50 балл жинаса, онда ол қаңтардағы 120 балл жинаған сертификатын көрсетіп, гранттан үміттене алмайды. Грант үшін ҰБТ-ның маусымдағы нәтижесі ғана жарамды, сондықтан ол ақылы түрде оқуға түсе алады.
Үшіншісі
Қаңтарда ҰБТ-ға мына 3 санаттағылар қатыс алады:
1. 11 немесе 12-сыныптардың оқушылары;
2. қыркүйекте ЖОО-на шартты түрде оқуға түскендер;
3. шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысып жатқан студенттер.
Наурызда ҰБТ-ны тек 11 немесе 12-сыныптардың оқушылары тапсырады.
Маусымда грантқа үміткер барлық санаттар тапсыра алады.
Тамызда ақылы бөлімге түсетіндер және осыған дейін қажетті балл жинай алмағандардың барлығы.
Төртіншісі
Шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқысы келетін студенттер екі салалық пән бойынша емтихан тапсыруы керек. Себебі олар шығармашылық мамандықтарға оқуға түскенде салалық пәндер бойынша тест тапсырмаған, сондықтан бұл мамандықтардан ауысу кезінде осы айырмашылықты өтеуі тиіс.
Барлық түлекке сертификаттармен бірге ақпараттық парақшалар беріледі, онда сіз құжат тапсыра алатын білім беру бағдарламаларының тізімі, сол жылы бөлінетін грант саны, өткен жылдардағы грант байқауларының нәтижесі және былтырғы жартылай шекті балл көрсетілген. Бұл құжатқа назар аудару керек.
Бесіншісі
Дайындық бағыттарының жаңа топтаушысы. Жаңа классификатордың енгізілуіне байланысты гранттар білім беру бағдарламаларының топтарына бөлініп таратылады. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» секілді топ бар, оның құрамына «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Блокчейн», «Биг дата» және тағы басқа ақпараттық бағдарламалар енетін топтар бар.
Айталық, бұл топқа 1 000 грант бөлінді делік, бұл гранттарға байқау осы топты көрсеткен топтар шеңберіндегі үміткерлер арасында өтеді. Үміткерлерге осы топ бойынша грант үлестірілген соң ол университетке қабылданады және осы бағдарламалар топтарының шеңберінде нақты бағдарламаны өзі таңдайды, яғни егер үміткер «Ақпараттық технологиялар» бойынша грант ұтып алса, кейін «Биг дата» немесе осы топ ішіндегі басқа да бағдарламаны таңдай алады.