Алматыда спортшылардың олимпиадалық мұражайы ашылды

Алматыда спортшылардың олимпиадалық мұражайы ашылды. Қаладағы Орталық стадионның қасынан орын тепкен мұражайдың ашылу салтанатына Дмитрий Баландин мен Ермахан Ибраймов және Ислам Байрамуков секілді Олимпиада ойындарының чемпиондарымен жүлдегерлері қатысты. Мұражай шағын демесеңіз, ішінде Қазақстан спортшыларының Олимпиада ойындарындағы барлық жетістіктерін айғақтайтын жәдігерлер бар. Сондай-ақ мұражайда көне суреттер мен олимп медальдарын да көруге болады.

Ислам Байрамуков, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері:

— Олимпиадалық тарихты біздің жай ғана адамдар емес осы өсіп келе жатқан жасөспірімдерге осы спортты салауатты өмірді насихаттау одан кейін біздің осы Олимпиада түрінде спорттарды дамыту, қазіргі бәріңіз білесіздер, осы жазғы Риода өткен Олимпиада ойындарында біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, үлкен биік тұғырдан көрінді. Сондықтан мұның ары қарай жалғасы бола береді деп ойлаймын дәстүр ретінде.

Дереккөз24 Хабар