Басты бетЖаңалықтарОрталық Азиядағы...

Орталық Азиядағы әріптестері Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы Жаңа жылмен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан және Қырғызстан басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті мен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Астана мен Душанбе арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың дәйекті дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары бір-бірін алдағы Жаңа жыл мерекесімен бір-бірін құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен де телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары келе жатқан Жаңа жылмен бір-бірін құттықтады. Әңгімелесу кезінде көшбасшылар екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен басымдықтарын, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвпен және Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлескен еді.