Биыл Астанада 7 мыңға жуық азаматқа жолақы төлемегені үшін айыппұл салынды

«Астана LRT» жүргізушілерді қандай бұзушылықтары үшін жазалайтынын айтып берді.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, салынған айыппұлдың сомасы 30 миллион теңге шамасында. Сонымен бірге, 900 автобус жүргізушісі ЖҚЕ мен тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл – 12 млн теңге.

Жолаушының қоғамдық көлікте жолақы төлеуге міндетті екендігі туралы «Автомобильді көлік туралы» заңымен бекітіліп, талап етілген, — деп еске салды әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» компаниясының көлік қадағалау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.

«Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жолбыр 7 қоғамдық көлік жүргізушісінің қарама қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткені үшін жүргізуші құқынан айырылғанын мәлімдеді.