Педагогикалық ЖОО түлектері сертификаттаудан өтеді

Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген барлық түлек сертификаттаудан өтеді. Бұл туралы бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Осы жылдан бастап-ақ ілкі режимде сертификаттау процедурасын бастағымыз келеді, яғни осы оқу жылында педагогикалық жоғары оқу орындарының барлық түлегін сертификаттаудан өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, бізде мұғалімдерге арналған ұлттық біліктілік тесті дайын. Биыл 33 мыңнан астам болашақ педагог оқу орнын бітіреді және біз оларды сертификаттаудан өткізбекпіз, — деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу қажет екенін айтты.

Бізге кәсіби стандарттар қажет, олар өте аз. Сертификаттау орталығы да керек. Өкінішке қарай, бұл жерде жауапқа қарағанда сұрақ көп, — деді вице-министр.

Оның айтуынша, біліктіліктің ұлттық шегін де жетілдіру қажеттігі туындап отыр.

Бізде біліктіліктің ұлттық шегі бар. Өкінішке қарай, жоғары білім беру жүйеміздің өзін сертификаттамақ болып, Еуропа одағының жетекші сарапшыларын шақырғанымызда олар төртінші, бесінше деңгейдегі қысқа цикілдерде сәйкессіздіктердің бар екенін көрсетті. Бұл жерде біліктіліктің ұлттық жүйесіне заңнамалық өзгертулер мен реттеу енгізуіміз қажет, — деді вице-министр.

ДереккөзInform.kz