Астанада қоғамдық көлік қызметінің сапасы арта түсті

Қалалық бағыттар желісін жаңғырту қалада жаңа қоғамдық бағыттарды қосуға және қала маңына екі бағыт қосуға мүмкіндік берді. Соның арқасында Софиевка мен Малотимофеевка ауылдарына қоғамдық көлікпен қатынауға мүмкіндік туды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар қоғамдық көлік маршруттар схемасын оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Барлығы 13 маршрут оңтайланды: 10 қалалық, 3 қала маңы.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын үй алаптары, Орталық мамандандырылған ХҚКО, «Барыс-арена», Оқжетпес көшесі, «Жағалау-4» тұрғын үй кешені, Сусамыр көшесі мен «Шұбар» ықшамауданы байланыспен және көлікпен қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге 9 көше (Күршім, Құсмұрын, Тарбағатай, Ақмола, Қайнар, Тұран, Арай, Ғарышкерлер, Ұлы дала) және 6 жаңа ауданға: «Жағалау-4», «Алай» сауда орталығына, мамандандырылған ХҚКО-ға, «Көктал-2-ге», «Барыс-Арена» мұз сарайына және «Шұбар» ықшамауданына ауданына қоғамдық көліктің қатынау мәселесі шешілген.

«Қала маңын қоса алғанда 13 маршруттың қозғалмалы бөлігі жаңартылды. 6 маршрутта автобустар саны артты. Жаңа экспресс-маршруттарды енгізу және қала ішіндегі автобустардың жүру жылдамдығын арттыру, аялдамаға келу уақытын қысқарту арқылы жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасы мен жылдамдығы арттырылып жатыр, — деді әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов.