Басты бет / Жаңалықтар /
74379d52242dfe3cc6da426bbc6d62cf Шымкентте тұңғыш президент күні тойланды

Шымкентте тұңғыш президент күні тойланды

— «Бұл мерекенің маңызы өте жоғары. Себебі, елімізді қиын қыстау кезеңнен алып шыққан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ұлт көшбасшысының еңбегі ерен. Оны өскелең ұрпаққа кеңінен нәсихаттауымыз керек», — деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Аталмыш мерекеге орай халық қалаулылары, әкімдік қызметкерлері, қала тұрғындары жиналған жиынада шаһар басшысы өңірдің дамуына, қаланың көркейіп-гүлденуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Айта кетерлігі, мерекелік шарада шаһар басшысының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған футболдан «Қала әкімдігі кубогының» жеңімпаздарына арнайы кубок табысталып, ұйымдастырушылар қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа футбол добын сыйға тартты.

Арнайы шарада Президентіміз Н.Назарбаев туралы деректі фильм көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Өз кезегінде, қала басшысы Елбасымыздың тапсырмасы бойынша үшінші қаланың дамуына бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз