Астанада шаңғыдан «Алғашқы қар» жарысы өтті

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың арасында спортшылар, қаладағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, меморган, күштік құрылымның өкілдері, сондай-ақ шаңғы спортының әуесқойлары да бар.

Күннің аяз болғанына қарамастан трассадағы жарысқа 4-5 жастағы және одан үлкен балалар да келген. Ұйымдастырушылар олар үшін 500 метр қашықтықтағы маршрутты қарастырды.

Шаңғы
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Ал спорт ардагерлеріне 3 шақырым қашықтықтағы маршрут ұсынылды, қалған қатысушыларға ұйымдастырушылар 5 шақырым қашықтықта жүріп өтуді ұсынды.

Шара Астана тұрғындарының арасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Бізде қыс ұзақ, суық әрі қарлы. Сондықтан климаттық жағдайды ескеріп, спорттың қысқы түрімен айналысу қажет. Осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және медаль беріледі, — деді спорттық-бұқаралық шараны өткізу жөніндегі дирекцияның жанындағы спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жөніндегі бөлімнің басшысы Дәулет Хамзин.

Аниматор
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Ұйымдастырушылар жанкүйерлерді де ұмыт қалдырмады. Олар үшін ыстық тамақ қарастырды, сахнада көңілді музыка ойнап тұрды, ал балалардың көңілін аниматорлар аулады.