Басты бетЖаңалықтарАстанада барлық...

Астанада барлық шыршаның шамдары бір мезетте жағылды

Жаңа жылдық шырша ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. Оның биіктігі – 25 метр. Жаңа жылдың символын безендіру үшін 200-ден аса қар ұшқыны, 1200 түрлі-түсті шар мен 4000 метр гирлянда жұмсалды. Шыршаның шамын жағу салтанатында қазақстандық артистердің қатысуымен концерт өтті. ЭКСПО көрмесі аумағында аниматорлар мен алып қуыршақтар кішкентай көрермендердің көңілін көтерді.

Биылғы бас шыршаның шамын жағу салтанатының ерекшелігі — бас шыршаның шамымен қатар қаладағы барлық шыршалардың шамдары бір мезетте жағылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бақыт Сұлтанов
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Құрметті қала қонақтары мен тұрғындары! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Шырша шамдарын жағудың биылғы басты ерекшелігі — қала бойынша орнатылған 12 шыршаның шамы бір мезгілде жағылады. Бас шыршаның шамын жағу дәстүрі – қаламыздың бас құрылысшысы, жаңа астананың негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев салған ізгі дәстүр. Бүгін біз Елбасының тапсырмасымен Жаңа жыл қарсаңында сіздер үшін көтеріңкі көңіл-күй сыйламақпыз, — деді салтанатты шарада әкім Бақыт Сұлтанов.

Шараға келушілер мерекелік концерттен соң керемет отшашудың куәгері болды.