Басты бетЖаңалықтарАстанада жас...

Астанада жас дзюдошылар жарысқа түсті

Астананың Оқушылар сарайы Кубогы үшін ұлдар мен қыздар арасындағы дзюдодан алғашқы ашық республикалық турнир басталды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент және он облыстың, сондай-ақ, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан сияқты елдердің 8-15 жас аралығындағы спортшылары қатысып жатыр.

Біздің Оқушылар сарайы балалар спортының дамуына көп көңіл бөледі. Талантты өрендерді анықтау үшін көптеген жарыстарды өткіземіз. Ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан турнир алғаш рет өтуде, — деді Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

Турнирдің негізгі мақсаттары мен міндеттері – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, жас спортшылардың шеберлігін арттыру, дзюдоны дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.