Компания Winter Family Party фестиваліне не себепті бас демеуші болып отыр?
Winter Family Party отбасылық фестивалі насихаттайтын құндылықтар, қоршаған ортаға деген қатынас пен өмір салты Siberian Wellness-ке де бөтен емес, сол себепті фестивальге қолдау көрсетіп отырмыз.
Siberian Wellness туралы айтып берсеңіз. Бұл қандай компания? Өнімдеріңіздің ерекшелігі неде?
Компания 1996 жылы Сібірде құрылды, міне, 22 жылдан бері Сібірдің жабайы шөптерінің негізінде денсаулық, спорт пен сұлулыққа арналған табиғи өнімдерді шығарып келе жатырмыз. Біз үшін адам қайда өмір сүрсе де, өзін жақсы сезініп, күн сайын күші мен қуаты мол болып жүргені маңызды.
Компания әлеуметтік жобаларға қаншалықты белсенді араласады?
Бізге әлеуметтік жобалармен жұмыс істеу бұрыннан таныс әрі іштей жақын. 7 жыл бұрын «Мир Вокруг Тебя» қайырымдылық жобасын қолға алдық. Бұл бастамамыз өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып дүниесін қалпына келтіру мен қорғау бағдарламаларының қатысуға мүмкіндік береді. Оған қоса компаниямыз «Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен» (WWF) бірге ілбіс барысын қорғауға атсалысады, «Байкал экологиялық толқыны» қоғамдық қорымен бірге планетадағы ең ірі көлдің экологиясын зерттеп жатырмыз.
Компанияның әлеуметтік жобаларға арналған қоры пайда болған уақыттан бері біз 44,5 миллион рубльден астам қаражат жинап, жөнелттік, ол өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға көмектесетін бағдарламаларға жұмсалды. Осы уақытқа дейін компания 150-ден астам жобаны іске асырды. Оның көбі Алтай, Тыва, Бурятия, Шығыс Қазақстан мен Моңғолияның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында жүзеге асты.
Компания жұмысының артықшылығы неде? Серіктестерге қандай талаптар қойылады, оларды қалай қолдайсыздар?
Бизнесіміз қазіргі уақытта барлық жағынан заңды, тиімді әрі түсінікті. Серіктестеріміздің міндеті — қолдағы тиімді өнімді нақты мақсатты аудиторияға насихаттау, сонымен бірге өнімімізді тұтынып көріп, идеямызды ұға бастаған адамдарға Siberian Wellness бренді мүмкіндіктерін ашу.
Бізбен бірге бизнес бастау үшін ешқандай бастапқы салым немесе ерекше тәжірибе қажет емес, бірақ бизнес-жүйемізде биік жетістікке жету үшін күн сайын жұмыс істеген үстіне жұмыс істеу қажет болады. Әрбір теңге — еңбекпен келген ақша. Иә, бізде жоғары чектер, автожоба, саяхат бағдарламасы сияқты көп қаражат алып келген жобаларымыз бар. Бірақ мұның барлығының артында бизнес-серіктесіміздің тәжірибесі мен команданың тынымсыз еңбегі жатыр.
Біз бизнес-серіктестеріміздің алдындағы жауапкершілікті түсінеміз: оларды алғашқы класты, тиімді әрі бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз етеміз, маркетингтік шаралармен, материалдармен қолдаймыз, жаңа мүмкіндіктер ашамыз, жаңа нарықтарды игеруге көмектесеміз. Әрқашан өз міндеттемелерімізді орындаймыз, біз оларға тек қаржылай емес, адамгершілік көмек те ұсынамыз: қолдаймыз, кеңес береміз, көмектесеміз. Біз жауапкершілігі мол бизнеспіз, сондықтан бүкіл әлем бойынша мыңдаған бизнес-серіктес бізбен жұмыс істеуге ынталы.
Өнімдеріңіздің адам денсаулығына, қоршаған ортаға кері әсері тимеуі үшін қандай шара қолданасыздар?
Біз табиғатқа көп нәрсе үшін қарызбыз, сондықтан бүгін онда не болып жатқанына бейжай қарамаймыз. Біз әрекет етіп жатырмыз: ормандардың экожүйесін қалпына келтіреміз, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау бағдарламаларына қатысып, олармен тұрақты айналысып жүрген ұйымдарға көмектесеміз. Сонымен қатар біз сана экологиясы идеясын қолдаймыз, белсенді, салауатты өмір салтына адамдарды көбірек тартамыз.
Күн сайын біз мыңдаған өнімді шығарамыз, сонымен бірге экологиялық нормаларды да мұқият сақтаймыз. Табиғат бізге ең құнды нәрселерін беріп отыр, біз де өз тарапымыздан нәзік әлемге ерекше ықыласпен қараймыз. Экологияға қамқорлық — Siberian Wellness-тің кез келген жобасының міндетті құрамдас бөлшегі.
Біздің адамдарға деген көзқарасымыз қандай болса, табиғатқа қатысты принциптеріміз де сондай. Табиғатқа зияныңды тигізбе, керісінше, оған алғыс айт. Қайда болсаң да, табиғатқа көмектес, оның алдындағы борышыңды өте. Өзгелерге үлгі көрсет: айт, үнде, көмектес.
Компанияның жоспары қандай? Қандай жаңа жобаларды, өнім шығаруды қолға алып жатырсыздар?
Биснесіміз ұш құрлықта, әлемнің 65 елінде жұмыс істейді: өнімдеріміз Еуропада, АҚШ пен Вьетнам, ТМД елдерінде ресми сатылады. Біз биыл толық жаңардық: жаңа атау, жаңа образ, жаңа логитипіміз бар. Бұрынғы «Сибирское здоровье» корпорациясы Siberian Wellness болды.
Соңғы 10 жылда «Сибирское здоровье» компаниясы көп бағыт бойынша түбегейлі өзгерді. Әр жылда жаңа бағыттарды дамытып, түрлі елден бөлімдерімізді ашып, өнім қатарын толықтыра отырып жаңа кезеңге аяқ бастық. Бір жыл бұрын мүмкіндіктеріміз бен нәтижелеріміз нарықтағы орнымыздың, атымыздың, визуал образымыздың шеңберінен шығып бара жатқанын ұқтық.
Ескі имиджді тастап, бизнес үшін, әлем үшін, клиенттеріміз бен бизнес-серіктесіміздің әрқайсы үшін өзгеретін уақыт келді. Енді біз жай ғана «денсаулық» емес екенімізді түсіндік. Біз — Wellness-піз. Тән мен жанның салауатты жай-күйін, тамаша әл-ауқатты, жақсы әлеуметтік мәртебені білдіретін ағылшын тіліндегі оңай әрі кең таралған сөз. Wellness — бас амандығының жалпы тұжырымдамасы, лайық әрі қызық өмірдің синонимі.
Жаңа символымыз — Қар жұлдызы: әрі ақша қар, әрі жұлдыз Ол бір жағынан Сібірдің өзі сияқты қаhарлы көрінеді. Екінші жағынан ол сібірліктер сияқты қайталанбас стилі бар әрі сондай тартымды.
Жаңа мықты брендпен Health (денсаулық) бағыты бойынша ғана емес, сонымен қатар Lifestyle (өмір салты) мен Sport (спорт) бағыттары бойынша да өнім желісін кеңейтуді көздеп отырмыз.
Winter Family Party-ге оралайық. Фестивальге келушілерге не айтасыз?
Winter Family Party қонақтарына позитив көңіл-күйден қуат алып, уақытты отбасымен тиімді өткізуді тілеймін. Әрине, фестиваль өтетін аймақта орналасқан компаниямыздың Қызмет көрсету орталығына шақырамыз. Біз бүкіл отбасы үшін көңілді бағдарлама дайындадық, фестивальге келген әр адам хош иісті шайдан, пайдалы тағамдар мен коктейльдерден дәм татып, өнімдерімізбен таныса алады.