Алматылықтарды және қала қонақтарын Winter Family Party қысқы отбасылық фестиваліне шақырамыз. Ол 22-23 желтоқсанда Atakent Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы алдындағы Тиіннің жанында өтеді.

Фестивальдің мазмұнды бағдарламасы тек балаларға емес, ересектерге де ұмытылмас эмоция сыйлайды. Әртүрлі форматтағы ойын-сауық сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп, жаңа әрі пайдалы нәрселерге үйретеді.

Cіздерді:

– Мұзайдында тегін сырғанау;

– Үлкен Сырғанақ;

– Қысқы кемпинг;

– Лабиринт;

– Байқаулар;

– Эстафеталар;

– Балаларға арналған мастер-кластар;

– “Доңыз” ойын алаңы;

– Видеопроекция;

– Жаңажылдық жәрмеңке;

– Қазақстан артистерінің фестивальдің бас сахнасында өнер көрсетуі;

– Фудкорттар;

– Арт-инсталляциялар;

– Фризлайт;

– Тақырыптық сфералар;

– Квестер, сыйлықтар мен жүлделер күтеді.

Winter Family Party-де 12 жылдық циклды бейнелейтін Шығыс күнтізбесіндегі жануарлар инсталляциясында ерекше селфи суреттер түсіруге болады.

Түрлі сайысқа қатысып, жеңіске жетуді қалайтындар үшін фестиваль кезінде бірнеше ірі спорттық жарыстар өтеді.
Олардың бірі — Скандинав жүрісі фестивалі. Оған кез келген адам қатыса алады. Орталық Азиядағы «Еуразия» скандинав жүрісі мектебінің негізін қалаушы Максим Прощенко ниет білдірушілер үшін тегін мастер-класс өткізеді.

Сонымен бірге фестиваль шеңберінде қашықтыққа арналған NordicFan марафоны да өтеді.

Марафонға қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелесіз: https://goo.gl/forms/y0aiDfgMVBEiS9302.

Егер өзіңізді осы спортта кәсіпқоймын деп есептесеңіз, онда сізді SkillRace тегін марафоны күтеді. Ол қызықты әрі әсерлі өтеді. Қатысқыңыз келсе, міндетті түрде мына сілтеме арқылы тіркелуіңіз керек: https://goo.gl/forms/pz8OEF7VtUhSUEH03.

Скандинав жүрісі марафонының жеңімпаздарына Siberian Wellness компаниясы бағалы сыйлықтарды тарту етеді.

Шығармашылықты сүйетіндер үшін фестиваль ұйымдастырушылары «Аққала шыңы» аталатын ерекше байқау өткізуді жоспарлап отыр. 22 желтоқсанда өтетін байқау үш кезеңнен тұрады. Қатысушыларға берілетін алғашқы тапсырма — қаладағы қоқысты іріктеп тастауға арналған контейнерлерді суретке түсіріп, Instagram-ға #Пик_Снововика хэштегі арқылы қаланы не үшін таза ұстау керек екенін түсіндіретін пост жазу. Алғашқы тапсырманы орындағандар фестиваль аумағында 22-23 желтоқсанда өтетін байқаудың екінші және үшінші кезеңіне қатысуға шақырылады. Оған жеке және 6 адамға дейін бірігіп топ болып та қатысуға болады.

Байқау туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуіңізге болады: https://www.instagram.com/p/BrT-wRHgHMb/

Сайыс жеңімпаздарына сыйлықты Siberian Wellness компаниясы дайындап отыр.

Егер биге жақын болсаңыз, онда 23 желтоқсанда сағат 14.00-де бас сахнада өтетін қысқы би марафонына дайын жүріңіз. Марафонды Алматының үздік ZIN-инструкторлары жүргізеді. Финалистер фестивальдің бас серіктесі — Siberian Wellness-тің сыйлықтарымен, сондай-ақ медаль, дипломмен марапатталады. Марафон SkibidiChalllenge-нің қатысуымен өтетін көңілді әрі түрлі-түсті флеш-мобпен аяқталады! Зумба-марафонға +77015383018 нөмірі арқылы тіркелуге болады.

Ең ірі Winter Family Party қысқы фестивальінің қызықты бағдарламасы сізге керемет эмоцияларды сыйлайды.

Барлық отбасы үшін ұмытылмас қысқы фестивальден қапы қалмаңыз!

Кіру тегін!

Алматы әкімдігі барлығын қонаққа шақырады!

Бас серіктес — Siberian Wellness.

Серіктес – «Atakent ҚІЫО» АҚ.

Ақпараттық серіктестер: Baribar.kz ақпараттық-танымдық сайты мен Informburo.kz аналитикалық порталы.

Толық мәлімет http://winterfamilyparty.kz сайтында.

Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар:

Facebook:

Art Energy Almaty — https://www.facebook.com/artenergyalmaty

Instagram:

@artenergykz — https://www.instagram.com/artenergykz