Cіздерді:

— Мұзайдында тегін сырғанау;

— Үлкен Сырғанақ;

— Қысқы кемпинг;

— Лабиринт;

— Байқаулар;

— Эстафеталар;

— Балаларға арналған мастер-кластар;

— «Доңыз» ойын алаңы;

— Видеопроекция;

— Жаңажылдық жәрмеңке;

— Қазақстан артистерінің фестивальдің бас сахнасында өнер көрсетуі;

— Фудкорттар;

— Арт-инсталляциялар;

— Фризлайт;

— Тақырыптық сфералар;

— Квестер, сыйлықтар мен жүлделер күтеді.

Қысқы аттракциондармен бірге фестивальде жаңажылдық жәрмеңкеге барып, кәдесыйлар мен қолдан жасалған түрлі бұйымды сатып алуға мүмкіндік болады. Ағаш ойыншықтар, шыршаны безендіруге арналған және тоқылған заттар, экологиялық таза өнімдер мен сөмке, киім және тағы басқа заттар жаңажылдық мереке қарсаңында сіздің және жақындарыңыздың көңіл-күйін көтереді.

Winter Family Party-де ерекше селфи суреттерін түсіруге арналған бірнеше фотоаймақ бар. Онда 12 жылдық циклді бейнелейтін Шығыс күнтізбесіндегі тышқаннан бастап доңызға дейін болады.

Шығармашылықты сүйетіндер өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашық кеңістікте сурет салу арқылы көрсете алады. Фестиваль қонақтары «мұздатылған жарық» техникасымен танысып, бірегей картина жасауды үйренеді.

Фестиваль аумағында тақырыптық алаңдар құрылады. Балаларға арналған мастер-класта фестивальдің ең жас қатысушыларына жаңажылдық бұйымдарды қалай жасау керектігін үйретеді. Этникалық аспаптар аймағында барабан, дабыл және глюкофонда мастер-класс өткізіп қана қоймай, жаңажылдық жеңілдікпен сол аспаптарды сатып алуға да болады. Siberian Wellness Bar шарында фестивальге келушілер сібір шөптерінен, ақуыздардан және қоректік тағамдардан дәм татып, сатып ала алады. Ұзақ өмір сүру үшін және денсаулықты нығайту үшін мамандар кеңес береді.

Балаларға ағаш палеттерден экологиялық таза ойын алаңы орнатылады. Ол Шығыс күнтізбесінің сай 2019 жылдың символы доңыз пішінінде салынады. Фестиваль кезінде мерекелік іс-шара серіктестерінің жүлделері үшін алаң аумағында түрлі байқау ұйымдастырылады.

Алматының талантты музыкалық командалары үлкен сахнада мерекелік көңіл-күйді сыйлайды.

Әрбір қатысушы көңіл көтеру кезіндегі үзілісте дәмді тағамдардан ауыз тиіп, ыстық сусындармен жылына алады. Ол Atakent кешенінің аумағындағы арканың жанында орналасқан.

Ал кешке қонақтар қысқы отбасылық кештің шарықтау шегі — Тиін арт-нысанында Жаңа жылға арналған сюжетті тамашалайды. Маппинг технологиясы мен толықтырылған шындық эффекті ғажайып ертегі атмосферасын қалыптастырады!

Сізді осы және тағы басқа көп қызық қыстың ең үлкен фестивалінде күтеді. Жаңалықтарды қадағалаңыз!

Барлық отбасы үшін ұмытылмас қысқы фестивальден қапы қалмаңыз!

Кіру тегін.

Алматы әкімдігі барлық қала тұрғыны мен меймандарын қонаққа шақырады!

Бас серіктес — Siberian Wellness.

Серіктес — «Atakent ҚІЫО» АҚ.

Ақпаратттық серіктестер: Baribar.kz ақпараттық-танымдық сайты мен Informburo.kz аналитикалық порталы.

Толық мәлімет http://winterfamilyparty.kz сайтында.

Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар:

Facebook:

Art Energy Almatyhttps://www.facebook.com/artenergyalmaty

Instagram: @artenergykz — https://www.instagram.com/artenergykz