Жалпыұлттық телекөпір: Нұрсұлтан Назарбаев 28 жаңа жобаны іске қосты

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен индустриализация күні басталды, жыл сайынғы телекөпір аясында 27 жаңа жоба іске қосылды, олардың арасында «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы мен Алматының үлкен айналма жолы бар.

Іске қосыған жобалар бес блокқа бөлінген.

Бірінші блок — «Индустриялық серпін» 7 кәсіпорыннан тұрады: Шығыс Қазақстан облысындағы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, Қарағанды облысындағы Sary-Arka Copper Processing ЖШС-нің катод мысын шығаратын зауытының құрылысы, Павлодар облысындағы «Проммашкомплект» ЖШС-нің теміржол дөңгелектерін өндіретін кешені, Шымкенттегі Asia Trafo ЖШС-нің қуаты 110 және 220 киловольт трансформаторлар өндіретін зауыты, Қызылорда облысындағы «DANAKE корпорациясы» ЖШС-нің цемент зауытының құрылысы, Алматыдағы GreenRecycle ЖШС-нің қоқыс сұрыптау зауытының құрылысы және Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» ЖШС-нің металл-пластик бұйымдар өндіретін зауыты.

Екінші блок — «Ел энергиясы» бойынша іске қосылған нысандар: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қуаты 500 килоВатт болатын Шүлбі СЭС-і — Ақтоғай — Талдықорған — Алма (KEGOK АҚ) электр желісінің құрылысы, Ақтөбе облысындағы Қожасай кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысының құрылысы (Gas Processing Company ЖШС), Жамбыл облысындағы қуаты 100 мегаВатт болатын «Бурное» Күн электр станциясын кеңейту жобасы және Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы қуаты 43,6 мегаВатт болатын жел-энергетика станциясын салу мен пайдалануға берудің бірінші кезеңі.

Үшінші блок — «Қазақстан — Еуразияның аграрлық хабы» бойынша бес жоба іске қосылды: Атырау облысындағы диірмен құрылысы, Ақмола облысындағы бройлер өсіру фабрикасы, Арқалықтағы ет өңдеу және мал бордақылау кешенінің құрылысы, Қапшағайдағы азық-түлік өндіру зауытының құрылысы және Түркістан облысындағы түйе мен бие сүтін қайта өңдейтін кәсіпорын.

Төртінші блок — «Өсім мен даму» аясында Қызылорда, Қарағанды және Ақмола облыстарындағы «Сарыарқа» арналы газ құбыры құрылысы, Алматының үлкен айналма жолы, Батыс Қазақстан облысындағы Орал — Каменка — Ресей Федерациясы шекарасы автокөлік жолы іске қосылды.

Бесінші блок — «Жаһандық цифрландыру». Бұл блок бойынша Қазақстан ауылдық елді мекендерін байланыстың талшықты-оптикалық желісі технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жобасы, Павлодар облысындағы Data-орталық, Қостанай облысындағы диірмен кешенінің құрылысы, Астанадағы модемдер мен коммутаторлар өндіретін зауыт құрылысы, Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағындағы құрал құрастыру және арнайы көлік шығару инновациялық зауыты, Астанадағы ақпараттық жүйелерді енгізу мен бейімдеу жобасы, Астана мен Алматыдағы фулфилмент («Қазпошта» АҚ) және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай тасымалдауды басқаруды Астанадағы арналы мұнай құбыры жүйесі бойынша орталықтандыру жобасы таныстырылды.

ДереккөзZakon.kz