Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жандануы — халықтың рухани ояну себеп

Олар исламға сәйкес келе ме? Барлық мұсылмандар күштік экстремизм мен терроризмге қарсы шыға ма? Жауап – әрине. Бірақ бұл білімді халыққа саналы әрі қолжетімді түрде жеткізу керек.

Осы орайда Қазақстандағы дін мәселелері жөніндегі Ақпараттық-түсіндіру топтары азаматтардың мемлекеттік құрылымдар мен дәстүрлі діни бірлестіктердің құзырлы өкілдерінен, дінтанушылар мен теологтардан дін мәселелері жөнінде толық әрі нақты ақпарат алуға деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Сондай-ақ қоғамда діни-экстремистік идеологияны қабылдамау атмосферасын қалыптастыру, халықтың діни сауаттылығын арттыру, елдегі конфессия аралық қатынастарды дамыту және нығайту, халықтың мемлекеттің дін саласындағы саясатына сенімін арттыру үшін құрылған.

Бүгінде АТТ жұмыстарының нәтижесінде 2017 жылы түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен 560-тан астам кездесу ұйымдастырылған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда (195) үш есе өскен. АТТ дәрістерін тыңдаушылардың жалпы саны 57 378 астам адамды құраған. Бұл көрсеткіш те 2013 жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. 2013 жылы тыңдаушылардың жалпы саны 15 000 ғана құраған.

Деструктивті жалған-мұсылмандық ағымдарды ажырату үшін мұсылман теологиясының тарихын білу, сенім мәселелерін түсіну қажет. Бұл оңай жұмыс емес. Бірақ білмей жатып табысқа сенім келтіруге болмайды. Сондықтан АТТ 2017 жылы халық арасында 140 мыңнан жоғары түрлі мазмұндағы материалдар әзірленіп, таратылды. Бұл материалдар радикалды экстремистік және террорлық топтардың жақтаушыларының қызметі мен идеологиясы туралы айтады.

Бүгін де радикалды діни құрылымдардың қызметінің жандануына байланысты АТТ жұмыстарының өзектілігі артуда.

«Тозақ отының иттері» деп аталған бұл радикалды құрылымдардың пайда болуы туралы Мұхаммед Пайғамбардың өзі ескерткен. Имам Әл-Бұхари жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз мұсылмандар арасында олжаны бөліп отырған сәтте бір адам келіп: «О, Мұхаммед! Алладан қорық! Әділ бөл!-деді.

Пайғамбарымыз: «Алладан менен өзге кім қатты қорқуы тиіс?» — деді. Сахабалар: «О, Алланың Елшісі! Бізге оны қылышпен жазалауға рұқсат ет» -деді. Бірақ Пайғамбарымыз бұл адамды босатып: «Оның ұрпағынан Құранды оқитын, бірақ оның жұтқыншағынан аспайтын адамдар пайда болады. Олардың діні даланы тесіп өтетін оққа ұқсас болады. Бұл адамдар мұсылмандарды өлтіретін болады. Егер мен олардың уақытына дейін өмір сүрсем оларды Ад және Самуд халқы сияқты өлтіретін боламын» -делінген.

Қазақстанда соңғы жылдары болған оқиғалар біздің елімізде де Пайғамбарымыз ескерткен адамдардың пайда болғанын көрсетті. Терроризмге қатысуға шешім қабылдаған көптеген жастарға өздерінің ісі мен оларды мемлекет пен дін тарапынан күтіп тұрған жаза туралы ойлану қажет. Олар басқа геосаяси ойындағы құрал екендерін түсінулері тиіс.

Бірақ терроризмнің қаупін, оның исламға қайшы екенін білмегендіктен көптеген жастар абақтыға түсіп жатыр.

Дін істері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы бұл адамдар түрмеден шыққаннан кейін отбасына оралуы үшін олармен жеке жұмыс жүргізуде.

Тыңдаушылар радикалды идеологиядан сақтайтын АТТ мүшелері дәрістерінің барысында тарту жұмыстарының қалай жүретіндігін тәжірибелік мысалдармен айтады.

Идеологиялық вирустың ену процесінде (сенушілердің исламның мақсаты мен мұраты жайлы түсініктерін өзгертетін радикалдық ақпарат ағыны) бірнеше негізгі ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:

Радикалды діни ұйым мүшелерін тарту жастармен жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерде анық байқалады. Негізінен олар жастарды «әлеуметтік аутсайдерлердің» арасынан тартуға тырысады.

Тарту үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: а) туысқандар арасында, б) достар арасында және в) экстремистерге жақсы таныс мешітке келушілер арасында.

Мешітте тартқанда топ белсенділері дін негіздерін енді ғана игеріп жатқан жастармен қарым-қатынас орнатады. Мысал үшін радикалдар намазды дұрыс оқымай тұрған немесе имамның жауабына көңілі толмаған немесе тіпті кейбір жағдайларда сұрақтарына имам жауап бермеген адамға келуі мүмкін.

Белгілі бір адамның діншілдігіне көз жеткізгеннен кейін топ мүшелерінің бірі онымен діни немесе діни-саяси тақырыпқа әңгіме қозғайды. Мысал үшін белгілі терроршы Ж.Бимурзаев саябақта күйзелісте жүрген немесе агрессивті, жеке өміріндегі «жұмыссыздық», «қаржылық қиындықтар» сияқты сәтсіздіктер себебінен ашулы жүрген және «Бұның бәріне кім кінәлі?» деген сұрақтың жауабын іздеп жүрген адамдарды арнайы іздеген.

Осындай жағдайлардың бәрін ескере отырып АТТ халыққа терроршылардың өз қатарларына тарту кезінде нені қандай тәсілдерді қолданатынын түсіндіреді. Соңында ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді жұмысы халықтың рухани тұрғыдан дұрыс жаңғыруына ықпал ететін болады.