Басты бетЖаңалықтарАлматыда келер...

Алматыда келер жылға дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша 600 пәтер беріледі

Алматыда «7-20-25» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 10,9 миллиард теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды. Бұдан басқа, осы жылдың аяғына дейін бағдарлама талаптарына сәйкес келетін 600-ден астам пәтер пайдалануға берілмек. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 4 800 отбасы жаңа пәтер алады, былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ға артты, — деді Бауыржан Байбек.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 4 200 жұмыс орны құрылып, 111 шақырым инженерлік желі жүргізілді Сонымен бірге 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынған.

Бұл бағдарламалардың барлығы ел экономикасын нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде осы жылдың өзінде 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп жатыр, — деді Алматы әкімі.

Бауыржан Байбек биыл Алматыда сонымен бірге соңғы 3 жылда 800 шақырым инженерлік жүйе жөнделіп, 500 шақырымға жуық жол салынғанын айтты.