«Нұрлы жол» мен «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын тоғыстыру мәселесі талқыланды

Бүгін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында екі ел арасындағы өнеркәсіп, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, экономика мен жоғары технологиялар саласында бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

ҚР мен ҚХР арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жаңа драйверіне айналған, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» стратегиясының түйіндесуі аясындағы өзара іс-қимыл тақырыптары қаралды.

Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 3 қаңтарда орнады. 2017 жылы Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесіне айналды. Еліміздің басқа мемлекеттермен тауар айналымының жалпы көлемінде ҚХР үлесі 17,4% болды (экспорт — 13,4%, импорт — 27,5%). Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 7251,2 миллион доллар болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға жоғары. Экспорт 5,9%-ға өсіп, 3753,7 миллион долларға жетті. Импорт 3498,2 миллион доллар болды.

Экспорттың негізгі тауарлары арасында ауыл шаруашылығы өнімдері, мыс және мыстан жасалған катодтар, табиғи газ, ферроқорытпалар, кен және мысты концентраттар және шикі мұнай бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыдан 443 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары Астана уақытымен 09:21-де жер сілкінісін тіркеді.

Астанадан Анталияға жаңа әуе рейсі іске қосылды

Түркиялық әуе тасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Анталияға жаңа рейсін ашты. Бұл туралы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Корея Республикасының сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжинді қабылдады.

Министр: Биыл астық түсімі 16 миллион тонна көлемінде болады

Биыл шілде-тамыз айларында батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қалыпты нормадан сәл аз болады. Бұл туралы ауыл шуаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Елімізде демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде 3-5 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Елімізде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.