Алматыдағы мемлекеттік ауруханалар мен емханалар түгел цифрландырылып жатыр

Алматының барлық мемлекеттік емханасы мен ауруханасы интернет желісіне қосылды. Бұл туралы мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Науқастар Алматының ауруханаларына еліміздің басқа аймақтарынан ғана емес, шетелдерден де емделуге келеді. Сондықтан біздегі басты проблеманы шешу керек. Денсаулық сақтау саласының басты проблемасы — ауруханалардың бас дәрігерлерінің тиімді жұмыс істемеуі. Соны шешу мақсатында барлық басшы ауыстырылды, — деді Бауыржан Байбек.

Енді емханадағы бөлім басшылары оpen space форматында жұмыс істейді. Open space — дәрігердің науқастарға кез келген уақытта ашық болуы үшін әйнек кәбинетте және бірніші қабатта орналасуы.

Мегаполис басшысының айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында  қаладағы ауруханалар мен емханалар компьютермен және интернетпен түгел жабдықталған.