Илон Маск Алматыда жасалған наноспутникті ғарышқа ұшырды

Илон Масктың SpaceX компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жасалған қазақстандық Аl-Farabi-2 наноспутнигін іске қосты. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

4 желтоқсанда Астана уақытымен 00:32-де Калифорния штаты ғарыш алаңындағы Ванденберг әскери-әуе базасында Falcon 9 зымыран тасымалдаушысымен бірге ұшты. Наноспутник штаттық кестеде жұмыс істейді.

Al-Farabi-2
Фото: Kaznu.kz

Ұшырылған наноспутник ғылыми түпнұсқаларды, технологиялық және білім беру тапсырмаларын шешуге, ҚазҰУ ғалымдары жасаған шағын ғарыштық аппаратқа арналған бортты компьютердің электронды компоненттерін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді.

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақстандық наноспутниктің ашық ғарышта іске қосылуы – қазақстандық ғылым мен спутник құрастыру тарихында тағы бір маңызды кезеңді айғақтайды. ҚазҰУ наноспутнигі осымен екінші рет ғарышқа енгізілді. Бірінші Аl-Farabi-1 ғарышқа 2017 жылдың 15 ақпанында Үндістандағы Сатиш Дхаванатындағы ғарыш алаңынан жіберілген болатын. Ол түрік әлемінің көрнекті оқымыстысы, біздің университетке есімі берілген әл-Фарабидің құрметіне аталған болатын, — деді жоба жетекшісі академик Ғалым Мұтанов.

Ректордың айтуынша, ҚазҰУ Қазақстанды «цифрлы дәуірге» енгізу үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы міндеттерді атқарып келеді. Ғылымды қажет ететін жаңа технологияларды және техникалық, соның ішінде ғарыштық салада құралдарды құру университет қызметіндегі басым бағыттардың бірі.