Алматылықтар келер жылдан бастап отандық телеарналарды цифрлық жүйеде көре алады

Алматы 2021 жылы цирфлық хабар таратуға толық көшеді. Ол «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр.

Жыл соңына дейін мұндай мүмкіндікке Шымкент, Жамбыл және Түркістан облыстары ие болады. Қазақстанда  100% цифрлық хабар тарату жүйесіне Маңғыстау облысы ғана көшіп үлгерген. Республика аумағын толықтай заманауи хабар тарату желісімен қамту мақсатында 827 телестанция салынады.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж және әлеуметтік көмек алатын тұрғындар толықтай абоненттік телевизиялық құрылғымен қамтылады. Бұл – бір реттік көмек. Алматы қаласында әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар 2017 жылдан бастап аталған құрылғылар беріле бастады. Бүгінге дейін 133 отбасы қамтылды. Жыл соңына дейін 200 отбасы телевизиялық құрылғымен қамтамасыз етіледі, — дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Мұхаметова.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да