Студенттер цифрлық сауаттылығын арттырды

Алматы менеджмент және сервис колледжінің 3,4 курс студенттеріне мемлекеттік қызметті электрондық форматта алудың тиімділі мен іске асыру жолдары түсіндірілді.

Дәріске колледждің 3, 4 курс студенттерінен құралған барлығы 47 адам қатысты. Оларға Алматының Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөліміның басшысы Дүйсембаева Ж.А электронды үкімет порталының мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Қазақстан Респуликасының 2018-2022 жылдар аралығында іске асуы тиіс «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру міндеттелген еді.