Ақтөбеде радикалды топтарға қарсы қойылым сахналанды

«Есігімді қаққан кім?» қойылымының сценарийін Жабал Ерғалиев жазған. Оқиға төмендегіше өрбиді:

Қарапайым қазақ отбасынан шыққан Гүлнұр радикалды топтың арбауына түсіп, қалай адасқанын байқамайды. Азғырып жүріп, күйеуі Асқарды да сол жолға салады. Адасқандар ата-аналарын зар жылатып, Сирияға аттанады. Сөйтіп, қойылым кейіпкерлерінің азапты өмірі басталады. Күйеуі өзін-өзі жарып жіберсе, қызы содырлардың қолынан қаза табады. Жат ағымның жетегінде кеткенін кеш түсінген Гүлнұр сүлдесін сүйретіп, елге оралады. Қойылым авторының көздегені теріс пиғылды ұйымдардың арбауына түскен жастарға ой салары хақ.

Нұрлан Жұманиязов, режиссер:

— радикалды топтардың пиғылы дұрыс еместігіне қоғам болып көз жеткізуіміз керек. Бұл спектакль де өзінің миссиясын орындаса,  бір атадан келе жатқан Ислам дінін дұрыс ұғып, дұрыс түсінсек екен деймін.

Дереккөз24 Хабар