Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Көшпенділер-2016. Қазақстан 2-орында келеді

Көрнекі сурет

Қазақстан құрамасы әзірше Ресейге жол беруде. Ресей командасының қоржынында 13 медаль (10 алтын, 2 күміс және 1 қола) бар. Отандастарымыз 4 алтын, 2 күміс және 2 қоланы еншілеп, екінші орында келеді. Ал үшінші орында — Грузия. Оның қоржынында 2 алтын мен 1 күміс медаль бар. Шараның ұйымдастырушысы — Қырғызстан 14 медалмен ( 1 алтын, 3 күміс, 10 қола) төртінші орында тұр.

Еске сала кетейік, II Дүниежүзілік көшпелілер ойындары 25 спорт түрі бойынша қыркүйектің 8-іне дейін өткізіледі. Жаһандық додаға 58-ден астам елдің 600 жүзге жуық спортшысы қатысуда. Америкалық спортшылар аталмыш жарысқа алғаш қатысушылар қатарынан. Еліміздің намысын 75 спортшы қорғауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *