Басты бетЖаңалықтар"Қазақтелеком" мен...

«Қазақтелеком» мен Астана әкімдігі инновацияны дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды

Internet of Things (IOT) Forum Astana аясында «Қазақтелеком» АҚ мен Астана әкімдігі технологиялық ынтымақтастық және инновацияларды дамыту жөніндегі меморандумды бекітті. Бұл туралы қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабаралды.

Меморандумның мақсаты – ақылды технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтмақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, қала тіршілігін жақсартуға қатысты жобаларды жүзеге асыру.

Енді тараптар ынтымақтастық жағдайында техникалық шешімдер қалыптастыру үшін жұмыс тобын құрады. Содан соң коммерциялық өзара ықпалдастық тетіктері қарастырылады.