Жекешелендіру — бұл мемлекеттік немесе қызметтік пәтерлерді жеке меншікке сатып алу. 

Иллюстрация
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімді мемлекеттік кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы тұрғын үй комиссиялары қабылдайды.

Иллюстрация
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
Иллюстрация
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар қажет? 

Жекешелендіру үшін тұрғын үй комиссиясына төмендегі құжаттарды өткізу керек:

  • Өтініш;
  • Өтініш білдіруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері;
  • Неке қию немесе тарату туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
  • Жалдау шарты немесе тұрғын үйге иелік ету қағазының көшірмесі;
  • Аумақтық әділет органының анықтамасы;
  • Мекенжай бюросының немесе жергілікті атқарушы органның азаматтың тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтамасы;
  • Басқа тұлғаларды өтініш берушінің отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;
  • Өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат;
  • Жұмыс орнынан анықтама;
  • Үйді жалдау шарты бойынша қарыздың жоқтығын растайтын құжат;
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге ақысыз ие болуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжат.

Жоғарыда аталған талаптар орындалғаннан кейін ғана жекешелендіру үрдісі жүреді. Тұрғын үй комиссиясы үміткерлердің тұрғын үйге өтінімдерін қарап, ұсынылған құжаттарды тексереді. Өтінішті қарағаннан кейін қанағаттандыру немесе бас тарту туралы шешім қабылдап, тұрғын үйді жалдау мөлшерін анықтайды. Сонымен қатар тұрғын үй комиссиясы шарт жасасу туралы сұрақтарды қарастыра отырып, төлем үшін шот-фактураны ұсынады.

Материал Egov.kz мәліметі негізінде даярланды