Азық-түліктің қымбаттау себебі неде?

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қатысты ахуал жөнінде айтты.

Өткен аптамен салыстырғанда баға индексі 0,2%-ға ұлғайды. Жылдың басынан бері баға 1,9%-ға өсті. Мына тауарлар бойынша баға өсті: қант 23,4%-ға, орамжапырақ 23,4%-ға, күріш 13%-ға, тауық еті 11,1%-ға, — деді ол.

Министрдің айтуынша, азық-түлік бағасының өсуіне ЕАЭО нарығындағы өнімдердің қымбаттауы және өзіндік құн құрылымындағы шығын құжаттамасының артуы негізгі себеп.

Қант 23,4%. Қазақстандық қанттың едәуір бөлігі импорт шикізаттан өндіріледі. Соған байланысты оның ішкі нарықтағы бағасы қант нарығындағы жалпыәлемдік үдерістерінің ықпалымен, ең әуелі РФ нарығында қанттың қымбаттауына байланысты өсіп отыр. Орамжапырақ 13%. Орамжапырақ экспорты айтарлықтай өсіп, осы жылдың 9 айында 18,6 мың тонна болды. Соған байланысты орамжапырақ бағасы басқа көкөніспен салыстырғанда айтарлықтай көтерілді. Маусымдық ерекшелік пен сақтау шығынын ескерсек, баға одан әрі өсуі мүмкін. Күріш 12,6%. Өсім жанар-жағармай мен коммуналдық шығындар бағасының көтерілуіне байланысты, — деді ведомство басшысы.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, тауық еті бағасы импорт үлесінің көп болуына байланысты (тауық етінің 50%-ы АҚШ-тан келеді) өсіп отыр.

Доллар бағамының өсуі де бұл өнімнің қымбаттауына әсер етеді. Күнбағыс майы 8,6 %. Ресей күнбағыс майының Түркияға экспортына бұрын 36% болған баж салығының алып тасталуы өнімнің түрік нарығына қайта бағдарлануына себеп болды. Соған байланысты баға сәл өсті, — деді Тимур Сүлейменов.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта 11 өңірде бағаның шекті шамадан 15%-дан жоғарыға асып кетуі байқалады.

5 өңірде бағаның шекті шамадан асып кетуі байқалмайды. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматының әкімдіктері қанттың шекті бағасын белгілеу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен бизнес субъектілері кіретін комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша объектив себептер болғандықтан қанттың шекті бағасын бекітуге ерте екені туралы шешім қабылданды, — деді Тимур Сүлейменов.

ДереккөзZakon.kz