Қазақстанда қияр мен қызанақ күрт қымбаттады

2018 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша еліміздің сауда орындарында көкөністің күрт қымбаттағаны белгілі болды. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары хабарлады.

Қыркүйек айымен салыстырғанда қияр 13,7%-ға, қызанақ 11,2%-ға қымбаттаған. Орамжапырақ бағасы 1,2%-ға өсті.

Сәбіз, керісінше, арзандаған — қазан айында баға 17%-ға төмендеген, қызылша, пияз бен картоп бағасы да төмендеп отыр, қызылша 11,9%-ға, пияз 10,8%-ға, картоп 7,9%-ға арзандаған.

Жемістен апельсин бағасы 4,6%-ға қымбаттаған, ал алма бір айда 5,3%-ға арзандады.

Мал-құс өнімдерінен тауық еті 3,8%-ға, тауық саны 2,4%-ға, жұмыртқа 6,5%-ға қымбаттады. Салы бағасы 1,4%-ға, жартылай қақталған шұжық құны 1,2%-ға өсті. Сүт өнімдерінен шикі сүт (2,8%), қаймақ спреді (1,1%), сарымай (1%) бағасы өскен.

Бакалея өнімдерінен қант (4,6%), күнбағыс майы (2%), майонез (1,3%), кәмпит пен карамель (1,1-1,2%), маргарин (1,1%) айтарлықтай қымбаттады.

Дүкендер мен базарларда ауызсу бағасы да өсіп отыр — қыркүйектегі бағадан 1,4%-ға жоғары.

Жарма өнімдерінен тары мен күріш (1%), жоғарғы (1,5%) және бірінші сортты (1,2%) ұн қымбаттады.

Қазан айында нан бағасы да өсті — бидай ұнынан жасалған нан 1%-ға, қарабидай наны 1,1%-ға қымбаттаған.

Еске салайық, қазан айының басында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне азық-түлік бағасын өсірмеуді, баға нарығын реттеу мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды, сатып алуларды уақытылы жүргізіп, тауарларды жаңартуды және негізгі азық-түлік өнімдерін арттыруды тапсырған еді.