Тимур Сүлейменов: Теңгенің арзандауы инфляция дәлізіне әсер етпейді

Ұлттық банктің макроэкономикалық моделін алып қарағанда, теңге бағамы мұндай болмауы керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Теңгенің құлдырағанын шынымен көріп отырмыз. Біздің, Ұлттық банктің макроэкномикалық моделін алып қарасақ, баға мұндай болмауы керек. Бұл – психологиялық, саяси санкцияларға байланысты болып отырған мәселе, — деді ол.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін инфляция біз қалаған дәлізден шамалы жоғары болады. Дегенмен Ұлттық экономика министрлігі ресми түрде дәліздің 5-7 пайыз болатынын айтқан.

8 айдың қорытындысы бойынша қазіргі дәліз 6% болса, жыл соңына дейін осылай аяқтамауды жоспарлаған едік. Бірақ теңгенің құлдырауынан соң 6,7-6,8% болуы мүмкін. Дегенмен 5-7 пайыздық дәлізден шықпаймыз, — деді министр.

ДереккөзZakon.kz