«Сарындықтар» бұл күні өте жақсы өнер көрсетіп, қазылар алқасының 11 мүшесінен ең жоғарғы 11 ұпайды жинады. Тек «Муз-тв» арнасының директоры Арман Давлетьяров қана жерлестерімізге 10 балды лайық санады.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша «Сарын» тобы 131 бал жинап, 14- орынға тұрақтады. Алғашқы үштікті әзірге украиндық Галина Безрук бастап, қырғызстандық Нұрсұлтан Азықбаев пен Италиядан келген Вальтер Риччи екінші орыннан көрінсе, украиндық Анастасия Прудиус үштікті қорытындылады.

Байқаудың екінші кезеңі 6 қыркүйек күні өтеді. Бұл күн Виктор Дробыштың шығармашылығына арналмақ. Бұл күні «Сарын» тобы ресейлік Доминик Джокермен бірге өнер көрсетеді. Бұл туралы топ продюсері RinGo тобының әншісі Данияр Өтеген мәлімдеді.

«Жаңа толқын – 2016» байқауы 10 қыркүйек күні жабылады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!