Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтты аймақта болып, соның салдарынан 24 қараша күні жауын-шашын болады, солтүстік аудандарда қар, кей жерлерде толассыз жаңбыр жауады. Өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, сенбі күні Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, облыстың оңтүстігінде жел екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Түркістан облысында да жел күшейіп, кей жерлерде жел екпіні секундына 30 метрден асады. Тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, бұрқасын болады. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында да осындай ауа райы қалыптасады. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 30 м/с-тен асатын желмен бірге күшті бұрқасын соғуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын соғады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін, жел 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде бұрқасын болуы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде екпіні секундына 25 метрге жететін жел соғады, күн тұманды болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын болады. Атырау, Маңғыстау облыстарында да 15-20 м/с жел соғады, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Синоптиктер алдағы жексенбі, дүйсенбі күндеріндегі ауа райына да болжам жасады.

Қазақстан арқылы жылжитын атмосфералық фронттар республиканың басым бөлігінде қардың жаууына себеп болады. Ал сенбіде республиканың солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарының кей жерлерінде толассыз қар жауады, бұрқасын болып, батыстан екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғып, ал жекелеген аймақтарда желдің жылдамдығы 30 м/с-тен асады. Нормадан тыс жылылықтан кейін ауа температурасы климаттық нормаға дейін төмендейді деген болжам бар, — делінген мамандардың хабарламасында.