22 қараша күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 22 қараша күні республиканың басым бөлігі әлі де терең және белсенді фронттардың ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде толассыз жауын-шашын болады. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, желдің екпіні кей жерлерде секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды, Шығыс  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл көлі ауданында 15-20 м/с жел соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ  болып, тұман түсуі мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді.