Нұрсұлтан Назарбаев биыл ішкі жалпы өнім деңгейі қандай болатынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада дипломатиялық корпуспен кездесуде елшілерге Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық дамуының негізгі жетістіктері туралы айтты.

Өткен жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4%-ға жетті, яғни орташа әлемдік көрсеткіштен асты. Осы жылы да көрсеткіш сондай болады, яғни біз сондай деңгейде немесе одан көп болады деп болжап отырмыз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, тәуелсіздік жылдарында елімізге шетелден келген тікелей инвестиция көлемі 300 миллиард доллар болды. Президент бүгінде Қазақстанда тарихи маңызы бар ауқымды реформалар іске асырылып жатқанын еске салды. Қазан айында Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылған ауқымды бастамаларды орындауға 4 миллиард доллар бөлінеді.

ДереккөзZakon.kz