Қар мен бұрқасын. 21 қараша күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 21 қараша күні Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронттар аймағында орналасқандықтан жауын-шашын болады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел секундына 18 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, 15-20 м/с жел соғады, жолдарда көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейіп, бұрқасын болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында 15-20 м/с жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.