Астанада «Елбасы және мен» республикалық фотобайқауы жарияланды

Мемлекет басшысымен түскен үздік фотобайқауы 14-30 қараша аралығында өтеді.

Байқауға қатысушыға мынадай талаптар қойылады:

  • ҚР Президентімен түскен суретті өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына #ElbasyJaneMen хэштегімен жариялау;
  • Өзінің жарияланымының астына ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетін @kdms.govбелгілеу;
  • ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетінің Instagram-дағы @kdms.gov парақшасына, Қоғамдық даму министрлігінің парақшасына @kdm.gov.kz, қалалық қоғамдық даму істері басқармасының @qogamdyk_damy_astana парақшасына жазылу.

Жобаның басты мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуді насихаттау, алдағы уақытта қазақстандық қоғамда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастырудағы тарихи ролін ауқымды етіп, күшейте түсу, — деді ҚР қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы комитетінің жетекшісі Асхат Оралов.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үш санатта бағалы сыйлықтарға ие болады, ал әділқазылар таңдаған ең үздік суреттер Mega Silk Way ОСО, Тұңғыш Президент кітапханасы, Хан Шатыр ОСО фотокөрмесіне қойылады.

Байқауда ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетінің парақшасында ең көп лайк жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.