Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Coca-Cola Belesteri 2026: әйелдер мен жастарға арналған 1 миллион теңгеден 10 грант

Фото: Coca-Cola Belesteri
15 маусым мен 28 желтоқсан аралығында Қазақстан азаматтары бизнес негіздерін тегін оқып, жасанды интеллект бойынша курстан өтіп, өз ісін бастауға арналған грантты ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Coca-Cola Belesteri әлеуметтік жобасы өзінің 14-маусымының басталғанын жариялайды. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 15 маусым мен 28 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Маусымның басты жаңалығы — Бизнес-идеялар байқауының басталуы, әйелдер мен 30 жасқа дейінгі жастар арасынан іріктелген 10 жеңімпаз өздерінің алғаш бизнесін ашуға немесе дамытуға 1 миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болады. Көптеген қатысушы үшін бұл кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қаржылық қолдау болады.

CCB білім беру бастамасы https://ccb.kz/ цифрлық инновациялық платформасына негізделеді, ол кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқытудан бастап, грант алу мүмкіндігі бар үздік Бизнес-идеялар байқауына қатысуға дейінгі «өсу баспалдақтары» жүйесін ұсынады. Жоба өткен жылдары оқудан өткен қатысушыларға бизнес-акселерация бағдарламалары мен ақпараттық материалдар арқылы қолдау көрсетеді. Сонымен қатар жоба сайтының маркетплейсі Қазақстан өңірлерінені жергілікті серіктестер табуға мүмкіндік береді.

Coca-Cola Belesteri 2026: әйелдер мен жастарға арналған 1 миллион теңгеден 10 грант
Фото: Coca-Cola Belesteri

Coca-Cola Belesteri жобасының 14 жылы көрсеткендей, сенімді серіктестің қолдауы болған жағдайда, білім нақты жұмыс істейтін бизнеске айналады. 2026 маусымындағы басты басымдық — технологиялар мен нақты қолдау көрсетіп жатыр. Жасанды интеллект бойынша курс пен 1 миллион теңгелік грант — сенімді бастау мен өсу құралдары, — деп атап өтті жоба ұйымдастырушысы, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

2025 жылы жобаның білім қоры қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа бейнесабақтар сериясымен кеңейді. CCB білім беру экожүйесі тәжірибелік қолдану мен қолжетімдік қағидаттарына негізделген. Контент өзектігін сақтау мақсатында жоба оқу материалдарын тұрақты түрде жаңартып отыратын жетекші салалық сарапшыларды тартады.

2026 жылғы білім беру маусымының жаңалығы: барлық қатысушыға шектеусіз түрде «Шағын бизнеске арналған жасанды интеллект» курсы қолжетімді болады. Тәжірибе барысында нейрожелілерді маркетиңде, контент жасауда, сатылымда және күнделікті жұмысты автоматтандыруда қалай қолдану керектігі қарастырылады.

Coca-Cola Belesteri
Фото: Coca-Cola Belesteri

1 миллион теңгелік грантты қалай алуға болады:

  1. Әйелдерге арналған Business Qumyz бағдарламасының немесе 30 жасқа дейінгі жастарға арналған Business Orken бағдарламасының оқу курсынан өту қажет.
  2. Бағдарлама соңында қорытынды сертификат алу қажет.
  3. 28 желтоқсанға дейін бизнес-идеяңызды байқауға өткізу қажет. Ең үздік 10 жобаны сарапшылар іріктейді.

Кока-Кола Қазақстан Belesteri жобасын қолдайды, себебі әйелдер мен жастар кәсіпкерлігінің күшіне сенеді. Бұл — елдің тұрақты дамуына салынған инвестициялар. Біз жыл сайын көптеген қатысушының білім алып қана қоймай, өз идеяларын жүзеге асыруға арналған бастапқы капиталға ие болатынына қуаныштымыз, — деп атап өтті Coca-Cola компаниясының Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі үкіметпен байланыс, коммуникациялар және орнықты даму жөніндегі аға директоры Александра Аккирман.

Өтінішті https://ccb.kz/ сайты арқылы беруге болады.

Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 2026 жылғы 15 маусым мен 28 желтоқсан аралығы.

Мақалаға реакция