Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда бойжеткен Сайран көліне батып өлмек болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Құтқарушылар Алматыдағы Сайран көлінде суға батып, өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткенді аман алып қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданындағы Сайран көлін патрульдеу кезінде болған.

Жағалауда кезекшілік атқарып жүрген Алматы қалалық ТЖД құтқару қызметінің мамандары суға батып бара жатқан қызды байқап қалған. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, бойжеткенді судан шығарып, жағаға жеткізді. Оған қажет алғашқы көмек көрсетілді, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, осылайша құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алып, адамның өмірін сақтап қалған.

ТЖМ азаматтарды өміріне жауапкершілікпен қарауға және қиын жағдайға тап болған кезде мамандардың көмегіне жүгінуге шақырды.

Мақалаға реакция