Алдағы тәуліктерде күн жылиды

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 15-17 қараша күндері суық және кең ауқымды антициклон Қазақстанның ауа райына әлі де әсерін сақтайды.

Бұл күндері республиканың көп облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар ауа температурасы біршама жоғарылайды.

Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінің кей жерлерінде аздаған қар жауады, ал 17 қарашада батыстан соққан жел күшейіп, бұрқасын соғады.