“Фантастикалық жануарлар 2: Грин-де-Вальдтің қылмыстары”

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Ұлыбритания

Режиссеры: Дэвид Йэтс

Ұзақтығы: 134 минут

Рольдерде: Эдди Редмэйн, Кэтрин Уотерстон, Дэн Фоглер, Элисон Судол, Эзра Миллер, Джуд Лоу, Джонни Депп, Зои Кравиц, Кармен Эджого, Клаудия Ким

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, бірінші фильмнің соңында құдіретті қара сиқыршы Геллерт Грин-де-Вальд МАКУСА (Америка Құрама Штаттарының Магия Конгресі) қызметкерлерінің қолына түскен еді. Қара маг абақтыдан қашып шығып, өз жақтастарын жинайды. Ол сиқыршылардың қарапайым адамдардан жоғары тұрғанын қалайды. Грин-де-Вальдтің жоспарына тосқауыл болу үшін Альбус Дамблдор бұрынғы студенті Ньют Саламандерден көмек сұрайды. Енді кейіпкерлерді қауіпті сынақ күтіп тұр.

“Соната”

Шығарушы мемлекет: Ұлыбритания, Франция, Латвия, Ресей

Режиссеры: Эндрю Десмонд

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Фрея Тингли, Рутгер Хауэр, Симон Абкарян, Джеймс Фолкнер, Мэтт Барбер, Катрин Шауб-Абкариан, Джеймс Кермак, Кристофер Брэнд

Жанры: детектив, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Роза есімді скрипка шебері әкесінен қалған ескі үйді мұраға алады. Белгілі композитор болған әкесі түсініксіз жағдайларда қаза болады. Роза оның жазып кеткен соңғы сонатаның астарындағы құпияны ашпақ болып, композитор баяғыда ойластырып қойған зұлым жоспарды білместікпен іске қосады.

“Бөтен емес”

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Вера Глаголева

Ұзақтығы: 78 минут

Рольдерде: Татьяна Владимирова, Санжар Мәди, Анна Капалева, Лилия Волкова, Дмитрий Кривочуров, Иван Титяев, Ольга Прихудайлова, Бибігүл Ақтан, Наталья Дружинина, Андрей Сидоренко

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, картина провинциядағы қалада тұратын отбасы жайлы. Кіші қызы Мила үлкен қаладан туған үйіне келеді. Үлкен қыз Галина Орта Азиядан келген Рустам есімді жігітке күйеуге шыққалы жатқанын хабарлайды. Анасы қызының бұл таңдауын құптамайды. Мила болса, бұл жігітті ұнатып, оны әпкесінен тартып алмақ болғанда жағдай шиеленісе түседі.

“Шырғанақты жаз”

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Виктор Алферов

Ұзақтығы: 91 минут

Рольдерде: Андрей Мерзликин, Сергей Агафонов, Сергей Каплунов, Анна Перелешина, Кирилл Рубцов, Полина Чернышова, Александр Усердин, Евгений Сытый, Екатерина Унтилова, Яна Есипович

Жанры: өмірбаян, драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фильм кеңес драматургі Александр Вампилов жайлы. Ол өзінің туған жеріне ұмтылып, отбасының тарихына үңілгісі келеді. Сөйтіп, 1972 жылы тамызда Александр Байкалға келіп, көл жағасында үй сатып алуды көздейді.

“Жүгенсізденген”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Финн Тейлор

Ұзақтығы: 96 минут

Рольдерде: Стив Хоуи, Джастин Чатвин, Шон Эстин, Иллиана Даглас, Кейт Микуччи, Хана Мэй Ли, Джош Бренер, Ванесса Росс, Кэти Гарвер, Скотт Коффи

Жанры: комедия, фэнтези

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бір күні Эмманың иті мен мысығы екі мінсіз, көркем жігітке айналады. Алдымен Эмма қатты шошиды, бірақ олардың арқасында ол әлемді жаңа қырынан танып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жақсартып, өзін-өзі жақсы көре бастайды. Осылайша оның өмірі түбегейлі өзгереді.

“Мүйізтұмсықты іздеп, дүниенің бір шетіне аттану”

Шығарушы мемлекет: Үндістан

Режиссеры: Камал Бансал

Ұзақтығы: 90 минут

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Макс пен Мелоди – Чарльз Уиллард деген саяхатшының балалары. Кезекті экспедициядан әкесі оралмағандықтан балалар оның ізімен қауіпті саяхатқа шығады. Олардың қасында отбасының досы профессор Шонку мен оның Эви атты роботы да бар. Енді бұл топты алда түрлі адам, сиқырлы әлем, таңғажайып жануарлармен кездесу күтіп тұр.

“Үрей”

Шығарушы мемлекет: Аргентина

Режиссеры: Демиан Рунья

Ұзақтығы: 87 минут

Рольдерде: Арьель Чаваррия, Максимилиано Гионе, Норберто Гонсало, Уго Албрич, Джордж Л. Льюис, Эльвира Онетто, Агустин Риттано, Демиан Саломон, Наталия Сеньоралес, Джульета Валлина

Жанры: үрейлі

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, қаладан тыс орналасқан үйде жантүршіктірер оқиғалардан тұрғындардың өмірі бірінен соң бірі қиылады. Әлдебір күш күйеуінің көз алдында әйелді өлтіреді. Содан кейін көршілес үйлерде де қорқынышты оқиғалар болады. Көршінің төсегінің жанынан жан түршіктірер құбыжық шықса, ал қарсы бетте тұратын баланы машина басып кетеді. Енді паранормал құбылыстарды зерттейтін үш адам мен бір детектив осы оқиғалардың сырын ашпақ.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!