13 қараша күнгі ауа райы: қар жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 13 қараша күні Қазақстан аумағында қар жауады, батыста және солтүстік-батыста ғана күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, екпінді жел күшейеді, солтүстіктегі жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау, Атырау, Ақмола, Қызылорда облыстарында да 15-20 м/с жел тұрады. Түркістан облысында шығыстан соққан желдің күшейетініне байланысты ескерту жарияланды. Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 13-15 қараша күндері антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде аяз болатынын хабарлаған еді.