Астаналықтар қар тазалауға қатысты мәселелерді call-орталық арқылы шеше алады

Астана әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланы санитарлық тазалауға 1822 жұмысшы шықты. 9 қарашада жолдарға құм-тұз аралас қоспаның 630 текше метрі себіліп, қала сыртына шығарылған қардың көлемі 3968 текше метр болды.

Қар тазалау Астана
Фото: Astana.gov.kz

Астана әкімдігі тұрғындардың коммуналдық мәселелерді, оның ішінде қар тазалауға қатысты барлық мәселені iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына немесе 109 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласып шешуге болатынын ескертті.