Басты бетЖаңалықтарАлматы әкімдігі...

Алматы әкімдігі ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Алматы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 11-13 қараша аралығында қар жаууы мүмкін деген болжамға қатысты ескерту жасап, тұрғындардан қар тазалайтын компаниялардың жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қар тазалауға кедергі келтіретін көліктер эвакуатордың көмегімен басқа жерге ауыстырылады. Сондықтан автокөлік иелері өз көліктерін түнде жол жиегіне қалдырмағаны дұрыс.

Қала тұрғындары мен қонақтары бұл күндері қоғамдық көлікті пайдаланғаны жөн, өйткені ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғалары болуы мүмкін.

Сонымен қатар табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары жеке көлікпен жүретіндерге жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтып, қауіпсіздікті сақтауға кеңес берді. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін автоәуесқойлар көлігіне қысқы дөңгелектерді салуы керек.