Емханаға тіркеу жайында көп естиміз. Алайда білгіміз келетін сұрақтар да аз емес.

Денсаулық сақтау жүйесі – қалтарысы көп, күрделі механизм. Дер кезінде сапалы қызмет алу үшін алдымен не істеу керегін, қандай мәселеде кімнің көмегіне жүгіну қажеттігін пациенттердің бірі білсе, бірі білмейді. Сол себепті біз медициналық көмек қажет болатын түрлі жағдай туралы жан-жақты түсінік беру мақсатында материалдар сериясын әзірледік. Біздің міндетіміз – азаматтарға медицина саласындағы құқықтары мен мемлекет тарапынан кепілдік берілген тегін қызмет түрлерін алу мүмкіндігі жайлы әңгімелеп беру. Бұл нұсқаулықтардың жалпақ жұртшылыққа пайдасы тиеді деп сенеміз, — дейді Медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Медициналық сақтандыру

Бұл — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пайдасы мен маңызын түсіндіретін инфографикаларымыздың алғашқысы. Алдағы уақытта да ең қажет деген  ақпараттарды жариялаймыз.