«Анатолий Шкарупаның қаржы жымқыру дерегіне қатысы бар» — Бас прокурор

Ақордада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Энергетика министрінің жуырда тағайындалған орынбасары Анатолий Шкарупаның мемлекеттің 215 миллион теңгесін жымқыру қылмысына қатысы бар екенін айтты.

Бір прокурорлық тексеру барысында кезінде үш жыл бойы монополияға қарсы орган анықтамай келген 29 миллиард теңгенің шығыны белгілі болды. Қызмет бабын пайдалану мен шалағайлықтың осы дерегі бойынша біз 7 қылмыстық іс қозғадық. Заң тарапынан жуырда тағайындалған вице-министр, Саранның бұрынғы әкімі Шкарупаға айтарлықтай наразылық бар. Оның 2015 жылы орталық жылу жүйесі жоқ Саранда есептеу құралдарын орнату үшін бөлінген 215 миллион теңгенің жымқырылуына қатысы бар. Есептеу құралдары бос қабырғаларға орнатылған, — деді Қайрат Қожамжаров.

Бас прокурор бұл дерек туралы ең алғаш 24 қазан күні ведомствоның алқа мәжілісінде жылу мен электр энергиясына тариф қалыптастыру мәселелері талқыланған кезде айтты. Сарандағы тұрғын үйлерге 2015 жылы 215 миллион теңгеге 274 жылуесептегіш орнатылған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 2018 жылдың 9 қазанында Анатолий Шкарупа Энергетика вице-министрі болып тағайындалған еді. Ол 2015-2017 жылдары Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі болды. 2017 жылғы мамырдан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

ДереккөзZakon.kz